Фейсбук әлеуметтік желі қолданушысы Клара Даукенованың жазбасы бойынша төмендегі мәліметті жолдаймыз:
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен тексеру амалдары жүргізілді. Тексеру барысында аталған Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қалдаяқов көшесі 26, «Пристань» қонақ үйінің жұмыс жасап жатқандығы анықталды. «Пристань» қонақ үйінің меңгерушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.