ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласы Полиция департаменті 2020 жылдың 17 және 18 шілде күндері сағат таңғы 09:00 ден 19:00 ге дейінгі аралықта "Жолда қабылдау" акциясы Шымкент қаласының Достық мөлтек ауданындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының және Қайтпас мөлтек ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, мәселенің жедел әрі тиімді шешу жолдарын қарастыруды, тұрғындарға заңдық тұрғыдан кеңес беріп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, көлік жүргізушілердің жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыруды көздейді.

«Жолда қабылдау» акциясына байланысты Call-орталықтың мына +7 708 345 65 74 нөмеріне хабарласып, ұсыныс пен сауалдарыңызға жауап ала-аласыздар.
Акция №2 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (Қайтпас-2 шағынауданы) және Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (Достық шағын ауданы) алдында өтеді.

#ҚазақстанРеспубликасыІшкіістерминистрлігі
#ШымкентқаласыПолициядепартаменті
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі