Шымкенттік полицейлер бір аптада алкогольді ішімдікті қоғамдық орындарда тұтынған 26 құқықбұзушыны анықтады
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен 2021 жылдың 19-25 желтоқсан күндері аралығында алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 26 азамат анықталып, әкімішілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Айта өтетін ақпарат, Әл-Фараби ауданы бойынша учаскелік полиция инспекторлары бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстарды ұйымдастырып, аумақты ұдайы бақылауда ұстайтын болады.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда тәртіп бұзбауды сұранады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі