Шымкентте «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкенттік полицейлер республикалық «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын қарқынды өткізуде. Акцияның негізгі мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған. Осыған байланысты Еңбекші ауданы аумағында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мәселен, Еңбекші ауданы Полиция басқармасы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жазира Таскулова аудандық учаскелік полиция инспекторларына тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді «Арнайулы әлеуметтік қызметтер көрсету оралығы» мекемесіне орналастыру тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, оларға алғашқы психологиялық көмек көрсету тәсілдерін толығырақ айтты.
«Әйелдер мен қыз-келіншектер арасында құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептері зерделеніп жатыр. Құқықбұзушылық әрекеттерді болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тәртіп сақшылары тарапынан заңға сай әрекеттер жасалады»,- деді полиция капитаны Жазира Таскулова.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің
Баспасөз қызметі