Шымкент: «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 37 автокөлік айыптұраққа жеткізілді

Шымкент: «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 37 автокөлік айыптұраққа жеткізілді
Шымкент: «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 37 автокөлік айыптұраққа жеткізілді
Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтаулары, жол-көлік оқиғаларын алдын алу, болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 8-қарашасынан бастап «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Сондай-ақ, рейдтік шара Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Көлік прокуратурасының қызметкерлері, басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен жүргізілуде.
Жедел-профилактикалық іс-шараның екінші күнінде көлік жүргізушілермен жасалған жалпы 1657 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 37 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. Авариялық қауіпті аймақ болып есептелетін 110 шақырым көше бойы зерделеніп, 30 дана жол белгілері орнатылған.
Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 8 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі), рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 10 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі), техникалық байқаудан өтпеген – 57 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 95 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпаған – 133 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі) тұлғаға хаттама толтырылды.
Сонымен қатар қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 3 (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі), басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған - 55 (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы), бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен – 21 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы), жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 18 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), авариялық жағдай туындатқан – 5 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарған – 9 (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі), көлік құралын мас күйде басқарған – 9 (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) жүргізуші анықталған.
Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 17-қарашасына дейін жалғасын табады. Осындай жедел-профилактикалық шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі