Шымкентте тағы бір жүргізуші көлік терезесінің күңгірттелгені үшін жауапқа тартылды
Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері "Тонировка"профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Рейд барысында тәртіп сақшылары алдыңғы терезелері қараңғыланған "Lada" маркалы автокөлікті тоқтатты.
Нәтижесінде аталған жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқару, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде).
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушілерден жолда мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.
Шымкент қаласының Полиция департаменті