Қала тұрғыны шымкенттік полицейге алғысын айтты

Қала тұрғыны шымкенттік полицейге алғысын айтты

Қала тұрғыны шымкенттік полицейге алғысын айтты
Шымкент қаласының тұрғыны Бейбіт Исмамбетова Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының инспекторына алғысын жеткізді.
«Учаскелік инспектор полиция аға лейтенанты Қалжан Сәкен Серікұлына айтар алғысым шексіз. Алаяқтық жөнінде арыз-шағым жазған болатынмын. Небәрі 2 күн ішінде алаяқтық жайты бойынша қылмыстық істі дер кезінде ашып бергені үшін, сондай-ақ, жас мамандарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеп отырғанына Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовке үлкен алғыс білдіремін. Жұмыстарына табыс тілеймін, мерейлері үстем болып, абыройлары өсе берсін! Осындай білікті қызметкерлер халықтың қамын ойлап, адал қызмет істесе, азаматтардың құқығы бекем қорғауда болатынына сенімім мол» деп атап кетті Бейбіт Исмамбетова.
Шымкент қаласының Полиция департаменті