Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық басқарма қызметкерлері арнайы құрылған мобильді топпен бірлесіп ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 864 бұзушылық анықталды. Оның ішінде мобильді топпен – 663, ал қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде полиция қызметкерлерімен – 201 жайт. Аталған жайттар бойынша жинақталған іс-құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданды.
- Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік контораларда – 166;
- Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсемдік салондарында – 42;
- Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 99;
- Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 245;
- Демалыс аймағында – 2;
- Басқа да орындарда – 114;
- Көпшілік орында бетпердесіз жүргендер -196.
Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында төмендегі нысандар бірнеше рет құқықбұзушылықтарға жол бергені анықталды:
- Абай ауданы, «Шафран» кафесі -2
- Абай ауданы, «Метро» түнгі клубы -2
- Әл-Фараби ауданы, «Арзан» дүкені -4
- Әл-Фараби ауданы, «Донер» орталығы -3
- Әл-Фараби ауданы, "Мерей" тойханасы -7
- Әл-фараби ауданы, «Жұлдыз» мейрамханасы -3
- Әл-фараби ауданы, «Чехов-PUB» кафесі -5
- Әл-фараби ауданы, «Shelby» караоке-клубы -5
- Әл-фараби ауданы, «АВАЗ-АТА» азық-түлік дүкені -9
- Әл-фараби ауданы, «FC» интернет клубы -7
- Еңбекші ауданы, «Злиха» саунасы -2
- Еңбекші ауданы, «Татьяна» саунасы -2
- Қаратау ауданы, «RoyaL Rose» тойханасы -3
Шымкент қаласының Полиция департаменті