Шымкент қаласының Полиция департаментінде бірқатар жаңа басқарма басшылары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тургумбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Сулейманов Ергали Сыбанкулович, Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Бухарбаев Мухтар Кыдыралиевич, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция майоры Майрихов Даурен Мырзалиевич және Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Акшораев Арман Онгарович тағайындалды.