ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға  жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

 жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Шымкент қалалық Полиция департаменті

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

 жалпы конкурс жариялайды

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласы Полиция департаменті, 160012, Шымкент қ., Желтоқсан көш. 13, тел.(8-7252) 97-65-05, факс 30-06-08, электронды мекенжай: asyl_pd08 @mail.ru мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.Шымкент қаласы Полиция  департаменті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы еңбекақын төлеу және зейнетақын тағайындау тобының жетекші маманы  (С-О-6 санаты, 1-бірлік)__________________________________________________________________                                                                                    

Функционалдық міндеттері: Шымкент қаласы ПД салалық басқармаларынан зейнетке шыққан қызметкерлердің еңбек өтілін есептеу, зейнетақы тағайындау. Зейнетақы тағайындау мәселелрі бойынша  азаматтардың шағымдарын, өтініштерін, арыздарын қарайды.

Білімі бойынша:

  1. Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;
  2. Мамандықтар тізімі; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) мамандықтары.

Қажетті құзыреттер және  жұмыс тәжірибесі бойынша: Қолданыстағы үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

2.Шымкент қаласы Полиция  департаменті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы есептесу  тобының жетекші маманы  (С-О-6 санаты, 1-бірлік)_________________________                                                                                                                               

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге республикалық және жергілікті бюджет бойынша аванстық шығындарды тексеріп, қабылдап белгіленген МРП бойыншга төлеу. Бөлім қызметкерлеріне басшылық үшін іс-сапар шығындарын төлеу мәселесі бойынша ақпарат дайындау, бекітілген номенклатураға сәйкес номенклатуралық істерді рәсімдейді және жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Білімі бойынша:

  1. Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;
  2. Мамандықтар тізімі; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика) мамандықтары.

Қажетті құзыреттер және  жұмыс тәжірибесі бойынша: Қолданыстағы үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

2.Шымкент қаласы Полиция департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1-бірлік негізгі қызметшінің бала күтімі уақытында) /29.07.2021-30.05.2024 ж. дейін/______________________________________________________

Функционалдық міндеттері: Белгіленген қағидаларды бұза отырып рәсімделген құжаттарды пысықтауға қайтарады. Келіп түскен хаттарды тіркейді. Басшылыққа баяндауға арналған хат-хабарларды аннотация жасайды.Құпия хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді.

Конкурсқа қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Білімі бойынша:

1.Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

  1. Мамандықтар тізімі; Құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, білім, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар жəне технологиялар мамандықтары.

Қажетті құзыреттер және  жұмыс тәжірибесі бойынша: Қолданыстағы үлгілік біліктілік талаптарына.

 

               Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

 

      Санаты

            Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

С-О-6

97546

132055

       

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

          1) Өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

      3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

      1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

  1. Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

 

 

 

 

                          Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен қызметтік тізімнің нысаны

 

 

                                                                                           «Б» корпусының мемлекеттік

                                                                                                       әкімшілік лауазымына

                                                                                       орналасуға конкурс өткізу

                                                                                             қағидаларының 2-қосымшасы

 

нысан

                                                                                             __________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

              Мені_____________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

                                                                             (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                                                                             «___»_______________ 20 21 ж.

 

 

 

 

 

                                                                                                      Б» корпусының мемлекеттік

                                                                                  әкімшілік лауазымына

                                                                                        орналасуға конкурс өткізу

                                                                                                      қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

 

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

 

 

 

 

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

 

 

 

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

_____
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________
күні/дата

           

          

 

Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте үздік жүргізушілер марапатталды
БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте жастар мен полиция бірлесе өзекті мәселелерді талқылады
БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте Патрульдік полицияның «Үздік маманы» анықталды

Социальные медиа

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты "police_shymkent"
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты "Шымкент Қаласының Полиция Департаменті"
Шымкент қаласы Полиция департаментінің YouTube әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы