
"RANGE ROVER” АВТОКӨЛІГІНЕН "СТРАЖНИК" ТАПАНШАСЫ ТАБЫЛДЫ
Шымкентте "Range Rover” автокөлігінен "Стражник" тапаншасы табылды. Атыс қаруы ағымдағы жылдың 21 тамызында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тоқтатылған көліктерді тексеру барысында тәлкіленген. Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері анықтаған жәйт бойынша бүгінгі таңда ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.