ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Шымкентте жастар мен полиция бірлесе өзекті мәселелерді талқылады

Шымкентте жастар мен полиция бірлесе өзекті мәселелерді талқылады

Шымкент қаласында киберқылмыстар мен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында ерекше форматтағы тренинг өтті. "Жастар мен полиция: ашық диалог пен ынтымақтастық" атауымен өткен шараға мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ белсенді еріктілер қатарынан 30-ға жуық жас қатысты. Полиция департаменті ұйымдастырған кездесудің басты мақсаты – интернет-алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауатын арттыру және полициямен өзара сенімді қарым-қатынас орнату болды. Іс-шара бейресми әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар интерактивті викторинаға қатысып, топтық квест ойнады, пікірталас алаңында ой-пікірлерімен ашық бөлісті.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының маманы Шыңғыс Жайлаубек жастарға интернет қауіптері, алаяқтық әрекеттерді тану тәсілдері мен жеке деректерді қорғау жолдары туралы практикалық кеңестер берді. Ал есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Ердәулет Садықов жастар арасында нашақорлықтың зияны және одан сақтану жолдары жайында мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Қатысушылар белсенділік танытып, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өз көзқарастарын білдірді. Кездесу соңында жастар естелік суретке түсіп, жағымды эмоциялармен тарқасты. Мұндай шаралар – жастарды өзекті мәселелерден хабардар етіп қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін арттырып, құқық қорғау органдарымен сенімді серіктестік орнатуға сеп болады.


Дата публикации
21 мая 2025
Дата обновления
21 мая 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте үздік жүргізушілер марапатталды
БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте жастар мен полиция бірлесе өзекті мәселелерді талқылады
БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте Патрульдік полицияның «Үздік маманы» анықталды

Социальные медиа

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты "police_shymkent"
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты "Шымкент Қаласының Полиция Департаменті"
Шымкент қаласы Полиция департаментінің YouTube әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы