ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Шымкентте үздік жүргізушілер марапатталды

Шымкентте үздік жүргізушілер марапатталды

“Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы аясында және қоғамда Заң мен Тәртіп қағидатын нығайту мақсатында Шымкентте ерекше акция өтті.
Күн сайын қозғалыста болатын және былтырғы жыл бойы жол қозғалысы ережелерін мүлде бұзбаған автокөлік жүргізушілері марапатталды.
Оларға ынталандыру ретінде бір жылдық мерзімге сақтандыру полисіне сертификаттар табысталды.
Іс-шара полиция, «Сергек» және Freedom Insurance компаниясының өзара іс-қимылы нәтижесінде ұйымдастырылды.
Атап өтейік, күн сайын Шымкент жолдарына 112 мыңнан астам автокөлік шығады. Олардың арасынан жолды көп жүріп өткен, яғни қашықтықты еңсерген үздік жүргізушілер марапатқа лайық деп танылды. Бұл жүргізушілер цифрлық жүйелердің көмегімен таңдалды.
Мұндай акциялар жүргізушілерді қауіпсіз қозғалысқа, жол жүру қағидаларын бұзбауға және жол апаттарын болдырмауға ынталандырады.

Дата публикации
21 мая 2025
Дата обновления
21 мая 2025
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте үздік жүргізушілер марапатталды
БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте жастар мен полиция бірлесе өзекті мәселелерді талқылады
БАҚ үшін
21 мая 2025
Шымкентте Патрульдік полицияның «Үздік маманы» анықталды

Социальные медиа

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты "police_shymkent"
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты "Шымкент Қаласының Полиция Департаменті"
Шымкент қаласы Полиция департаментінің YouTube әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы