Шымкент қалалық Полиция департаменті кіші басшы және орта басшы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

 

        Ішкі істер органдарына  орта басшы  және кіші басшы құрамына жұмысқа шақырамыз.  

         Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру; 

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының

  артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

 - арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), орта басшы құрамға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).

       Құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

      Қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімi бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.

      Орта басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімi бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.

Тіркелу: « Qyzmet-police.kz»  сайтты арқылы тіркелу жүргізіледі.

Толық ақпаратты алу үшін: (8-7252)97-65-05, 97-66-96, 97-67-01 телефондарына, e-mail: asyl_pd08@mail.ru электрондық мекенжайы, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Желтоқсан көш. 13, бойынша жүгіну қажет.

  1. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы еңбекақын төлеу және зейнетақын тағайындау тобының инспекторы (С-SVO-9, санаты, 1 -бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:  Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Шымкент қаласы ПД  қызметкерлерінің айлық жалақысын есеп шоттарына аудару. Жұмыс ауыстырған қызметкерлерге  және зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге қаржы аттестатын толтыру еңбекақы төлеу мәселесі бойынша ақпарат дайындау.

2.Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (батальон құқығында)  саптық бөліністерінің инспекторы  (C-SN-8*** санаты, 1 -бірлік) ;

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар: Жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.

Кәсіби қызметін тиімді орындау үшін қажет басқа да талаптар:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру немесе Қазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы Әскери кафедрасының курстарын аяқтау. Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

3.Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкі саптық бөлінісінің қызмет инспекторы (C-SSP-8 санаты,  7-бірлік);

4.Шымкент қаласы Полиция департаменті саптық бөлінісінің қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету жөніндегі) (C-SSP-8 санаты,          1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім. Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Жүргізуші куәлігінің болуы. Туристерге қызмет көрсету жөніндегі инспекторларына шет тілін меңгеру қажет.

Функционалдық міндеттері: Өзінің маршруты мен бекетінде және оларға іргелес аумақта қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу. Азаматтар мен лауазымды адамдар құқықбұзушылық туралы арызбен немесе хабарламамен жүгінген кезде, не соны тікелей анықтағанда, құқықбұзушылықтың жолын кесуге, құқықбұзушыларды ұстауға берілген барлық  құқықтарын пайдалануға міндетті, мұқтаж адамдарға көмек көрсету

және оқиға орнын күзету, сондай-ақ жақында орналасқан ішкі істер органына хабарлау.

5.Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторы бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы(C-SVR-4, санаты  1-бірлік);

6.Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторы бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы(C-SVR-4, санаты  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

1) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың өмірі, денсаулығын, құқықтары мен еркіндігін қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі және жалпы учаскелік полиция пунктінде жасалған қылмыстар саны, оларды түрлері, жасалу әдісі, орны және уақыты бойынша бөлінуін, оларды жасауға ықпал еткен мән-жайлар туралы ақпаратты зерделейді және игереді.

  1. Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-8 санаты, 1-бірлік);

8.Шымкент қаласы Полиция департаменті Тұран аудандық Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-8 санаты,  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, оларды кемсітудің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, қорлаудан және дөрекі қарым-қатынастардан қорғауды қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастырады. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тарту анықтайды және олардың жолын кеседі.

9.Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы (C-SVR-8 санаты,    1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

1) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қылмыстың салдарымен емес себептерімен күресу, бұл бағытта барлық мүдделі органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдайды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін ерте анықтау, бақылау және жедел әрекет ету жұмыстарын жүргізеді.

10.Шымкент ҚПД Тұран аудандық Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі  учаскелік полиция инспекторы бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (C-SVR-8 санаты  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

1) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім. 2) орта білімнен кейінгі білімі.

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың өмірі, денсаулығын, құқықтары мен еркіндігін қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Қызмет көрсететін әкімшілік учаскедегі және жалпы учаскелік полиция пунктінде жасалған қылмыстар саны, оларды түрлері, жасалу әдісі, орны және уақыты бойынша бөлінуін, оларды жасауға ықпал еткен мән-жайлар туралы ақпаратты зерделейді және игереді.

11.Шымкент ҚПД Тұран аудандық Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі (C-SVR-8 санаты  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

1) нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі (тобы) жұмысының ахуалы үшін жауап беру. Басқа құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарымен экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға, ескертуге және жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыруға жауап беру.

12.Шымкент қаласы Полиция департаменті «Қаратау» аудандық Полиция басқармасы Көші-қон қызметі  бөлімінің инспекторы (C-SVR-8 санаты,  2-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар: Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Білімі бойынша: Заңтану, құқық, құқық қорғау қызметі.

Функционалдық міндеттері: Қөші –қон саласының қызмет атқаратын нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының орындалуын, сақталуын қадағалау, бақылауға алу, лауазымдық нұсқаулықтың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі бөлімдерінде көрсетілген талаптарды қатаң сақтайды.

13.Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімі жеке тұлғаға қарсы  қылмыстарды ашу тобының жедел уәкіл (C-SVR-8 санаты,  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Функционалдық міндеттері: Бекітілген қызмет көрсету аймағында орын алған қылмыстарды ашу, сезікті тұлғаларды анықтаумен және тергеу бөліміне жеткізумен айналысады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық іздестіру істерін арнап, жоспар бойынша жедел іздестіру іс-шараларын атқарады.  

14.4 санаттағы автошаруашылығының полицей-жүргізуші /C-SV-12 санаты, 1-бірлік/;

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Орта білім.

Қосымша талаптар: Полицей-жүргізушілер үшін жүргізуші куәлігінің болуы.

Функционалдық міндеттері:Полиция қызметкерінің  қызметтік борышын терең түсінуге, берген антты ақтауға, адал және қырағы болуға.

15.Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ( батальон құқығында) полицей-жүргізуші / C-SV-12 санаты, 1-бірлік/;

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Орта білім.

Қосымша талаптар: Полицей-жүргізушілер үшін В, В1, С, С1 санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы қызметі. Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

Функционалдық міндеттері:Полиция қызметкерінің  қызметтік борышын терең түсінуге, берген антты ақтауға, адал және қырағы болуға.

16.Шымкент қаласы Полиция департаменті департаменті Әл-Фараби аудандық  полиция  басқармасы Тылды қамтамасыз ету тобының старшинасы  /C-SV-12 санаты, 1-бірлік/;

17.Шымкент қаласы Полиция департаменті департаменті Абай аудандық  полиция  басқармасы Тылды қамтамасыз ету тобының старшинасы        /C-SV-12 санаты, 1-бірлік/;

18.Шымкент қаласы Полиция департаменті департаменті Қаратау аудандық  полиция  басқармасы Тылды қамтамасыз ету тобының старшинасы /C-SV-12 санаты, 1-бірлік/;

Функционалдық міндеттері:Тиесілік нормаларға сәйкес материалдық шаруашылық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттарды әзірлейді. Әскери және арнайы мүліктің материалдық шаруашылық ресурстарына негізгі тапсырыс беруші міндетін атқарады. Ғимаратын жылу энергиясын, су құбырын, жарық энергиясының жұмыс істеп тұруын қадағалайды. Ғимарат ішіндегі сыртындағы мүліктердің сақталуын қамтамасыз етеді.Мекеменің бұзылған жерлерін жөндеуге, стендттердің электр шамдардың түгелдігіне және құрал жабдықтардың мүліктердің сақталуын қамтамасыз етеді

19.Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық  полиция  басқармасы  Ақпараттандыру және байланыс бөлімшесінің технигі           (C-SV-13 санаты,  1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Орта білім.

Функционалдық міндеттері: Жүктелген міндеттер мен топтың қызметінің нәтижелері мен проблемалық мәселелерін сипаттайтын материалдарды дайындайды. Жауап дайындау тапсырылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарайды.

Функционалдық міндеттері: Шымкент қаласы Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратын күзету мен қорғаудың жоспарын, өткізу режимінің тәртібін, қызметтік орналасуын білуге. Әкімшілік ғимаратқа бөгде адамдардың кіруінен бақылайды.

20.Шымкент ҚПД Қаратау  аудандық  полиция  басқармасы  Қару-жарақ қоймасының менгерушісі, әрі қару-жарақ шебері полиция старшинасы              (C-SV-12 санат, 1-бірлік);

Конкурсқа қатысушыларына арналған біліміне қойылатын талаптар:

Орта білім.

Функционалдық міндеттері: Тиісті нормаларға сәйкес материалдық экономика ресурстармен қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын дамытады. Ол әскери және арнайы мүліктің материалдық-экономикалық ресурстарының негізгі тапсырыс берушісі болып табылады. Ғимараттың жылу энергетикасы, сумен жабдықтау және жарық энергетикасының жұмыс істеуін бақылайды. Ғимараттың ішінде және сыртында мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.Мекеменің бүлінген үй-жайларын жөндейді, трибуналар мүлкінің, электр жарығы мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

          Құжаттарды қабылдау   05.12.2025  жылдан жүзеге асырылады.

          Ниет білдірген азаматтар, Шымкент қаласы Желтоқсан көшөсі                  13 ғимаратта орналасқан Шымкент ҚПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы қызметкерлеріне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде төменде көрсетілген құжаттарды өткізеді.

          Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1)  осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

      2)  осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы                       7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

     4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

      5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

      6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

      7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

      8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

      9) 3х4 см өлшемдегі төрт фото суретті;

     10)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

     11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

   12) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

     13) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

    14) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.

      Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады;

  1. Кандидаттың құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12834 болып тіркелген) бекітілген ІІО-да әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссия берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы қосады.
Дата публикации
04 декабря 2025