Шымкент: тәртіп сақшылары 3 айдың ішінде 16 кг жуық есірткі заттарын тәркілеп алды

Шымкент: тәртіп сақшылары 3 айдың ішінде 16 кг жуық есірткі заттарын тәркілеп алды
2021 жылдың 3 айында Шымкент қаласының Полиция департаментімен есірткінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, қала аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы 118 құқық бұзушылық анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 30 дерекке немесе 34,1 пайызға артты (2020ж.-88).
Жыл басынан қала бойынша жалпы:
- Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз пайдаланудың (ҚР ҚК-нің 296-бабы 1,2,3-бөлігі) – 88 дерек;
- Есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтаудың (ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі) – 10 дерек;
- Есірткі заттарын сатудың (ҚР ҚК-нің 297-бабы) – 12 дерек;
- Есірткі заттарын жарнамалау мен насихаттаудың (ҚР ҚК-нің 299-1-бабы) – 5 дерек;
- Есірткі өсімдігін өсірудің (ҚР ҚК-нің 300-бабы) – 3 дерегі анықталған.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлерінің тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 15 кг 639 гр есірткі заттары тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда Полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылылық болдырмау, анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Шымкент: тәртіп сақшылары 3 айдың ішінде 16 кг жуық есірткі заттарын тәркілеп алды
Дата публикации
11 апреля 2021