2020 жылдың 12 айында Шымкент қаласының Полиция департаментімен есірткінің алдын алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА

2020 жылдың 12 айында Шымкент қаласының Полиция департаментімен есірткінің алдын алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

 

 

          2020 жылдың 12 айында Шымкент қаласының Полиция департаментімен есірткінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді жұмыстар атқарылды.

          Есептік мерзімде қала бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы 271 құқық бұзушылық анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 53 дерекке немесе 19,6 пайызға артты (2019ж.-218). 

          Атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан  58 кг 808 гр есірткі заттары тәркіленіп, өткен жылмен салыстырғанда оның салмағы 25 кг 674 гр артты (2019ж-33 кг 653 гр).

 

Жыл басынан есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылық түрлері бойынша жалпы 185 тұлғаға қатысты 224 қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, айыптау актілерімен сотқа жолданды.

          Жыл басынан       рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында автокөлікті есірткіге мас күйінде басқарған 36 жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы).

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде есірткі құралдары насихатталған және жарнамаланған жалпы 111 интернет сайттар мен әлеуметтік желі парақшалары анықталып, бұғаттау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға жолданды.

12 ай қорытындысымен қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына есірткі құралдары жарнамалап салынған 507 мекен-жайлар анықталып жойылды.

        Есіркіге ерте жастан тәуелді болудың алдын алу және жасөспірімдер арасында есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында қалалық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен және департамент өкілдерінің қатысуымен жалпы 43 түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде, 1 акция, 1 дөңгелек стол, 1 спорттық шара, 1 конкурс, 5 семинар, 10 жұмыстық кездесу, 15 дәріс және 9 басқа да іс-шаралар бар.

Іс-шараға жалпы 512 адам қатысты. Оның басым бөлігі карантиндік режимді ескере отырып онлайн нысанда, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

          Іс-шараларға мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес орган өкілдері, қоғам белсенділері мен еріктілер жұмылдырылды.

          Оның барлығы азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттау, оны ұстануға баулу, психикалық саулығын нығайту, қоғамды есірткіге қарсы қою, халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру, есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою, есірткіні пайдаланудың зиянды жақтары мен оның заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық түрлері бойынша белгіленген жауаптылықты түсіндіруге бағытталды.

«26-маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне» орай департаментің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы 16-20 маусым күндері аралығында жасөспірімдер арасында онлайн байқау ұйымдастырылып өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға департамент бастығының атынан алғыс хат және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

          Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында, 17 тамыз күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен еріктілердің қатысуымен халық көп жиналатын қоғамдық орындарда, көше бойларында тұрғындарға арнайы «Есірткіге жол жоқ!» жазуы бар 3000 дана бетперделер таратылды.

          Бүгінде қалалық Полиция департаменті тарапынан есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылылық түрлерімен күресу мақсатында өзге де маңызды іс-шаралар жүргізілуде.

Шымкент ҚПД ЕҚҚІҚБ

2020 жылдың 12 айында Шымкент қаласының Полиция департаментімен есірткінің алдын алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА
Дата публикации
01 апреля 2021