"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20173 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2020 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Қазақстан Республикасы |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2020 № 892 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Бірыңғай байланыс-орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) көрсетілетін қызметті берушінің бейінді құрылымдық бөлінісі – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісі;
3) криминалистикалық талаптар – азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына, оларды сәйкестендiру және заңсыз қолдан жасау мүмкiндiгiн болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;
5) сынау зертханасының басшысы – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісінің бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам;
6) сынау объектілері – азаматтық және қызметтiк қару және оның патрондары;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Стандартта жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесін жасайды және оны өтінішке қоса береді.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама көрсетіледі.
Сынау зертханасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күні бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) анықтайды.
Өтінішті портал арқылы алған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей сынау объектілерін қолма-қол ұсынады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тарту жолдайды.
Портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетімен сынау объектілерінің сәйкес келмеуі анықталған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сынау объектілерін қайтару күні мен уақытын көрсете отырып, дәлелді бас тарту жолдайды.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді (деректерді) анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
он жұмыс күні ішінде ұсынылған сынау объектілерінің "Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған) сәйкес криминалистік талаптарға сәйкес келуін анықтау үшін сынақ жүргізеді;
екі жұмыс күні ішінде жүргізілген сынаулардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасын (бұдан әрі – сынау хаттамасы) ресімдейді, екі данада сынау хаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды;
бір жұмыс күнінің ішінде азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына сынау зертханасының басшысы қол қояды, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасын тіркеу үшін кеңсеге береді және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды берілгені туралы мәлімет енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сынау хаттамасының электрондық көшірмесін қоса отырып, сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сынау объектілерін қайтару орнын көрсете отырып хабарлама жолдайды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
|
|
"Азаматтық және қызметтiк |
|
|
____________________________ |
|
|
____________________________ |
ӨТІНІШ
Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.
Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар ______ парақта және объектілер саны _______ данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________ парақта.
Осылармен:
көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;
барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба
Толтырылған күні 20 _____ жылғы "____"_______________
|
|
"Азаматтық және қызметтiк |
|||
|
"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
аумақтық полиция органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері |
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді аумақтық полиция органдары және (немесе) www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсету мерзімі – он бес жұмыс күні |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi |
азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
|
|
6 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдері |
мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі |
|
|
|
7 |
"Электрондық үкімет" веб-порталының және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың және сынау объектілерінің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді (деректерді) анықтау; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар; |
|
|
|
|
"Азаматтық және қызметтiк |
|||
ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ
|
р/с № |
Дараландыратын белгілерін көрсете отырып, құжаттар мен объектілердің атауы |
Саны |
Қосымша мәліметтер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі
__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба
20__жылғы "____" _________
|
|
"Азаматтық және қызметтiк |
|
||||||||||
Дәлелді бас тарту
Сынау зертханасының басшысы: |
||||||||||||
|
|
"Азаматтық және қызметтiк |
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы
№ _________ 20____ жылғы "___" ________
шығыс № ________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының сынау объектілерін жолдау туралы
____________________________________________________________________
өтінішінің деректемелері көрсетіледі
____________________________________________________________________
Сынау объектісі_______________________________________________________
өндіруші фирманың толық атауы, қару мен патрондардың,
_____________________________________________________________________
снарядтардың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен шыққан жылы (болған кезде),
_____________________________________________________________________
таңбалау белгілері көрсетіледі
Жүргізілген сынақтардың нәтижесі: ________________________________________
сынақтарды жүргізу барысы мен
_______________________________________________________________________
қорытындылары сипатталады
Сынауды жүргізген: _______ ______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
|
|
"Азаматтық және қызметтiк |
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне № ____ қорытынды
20____ жылғы "____" ________
Өтініш: 20____ жылғы "____" ______________ кіріс № ____________________
Көрсетілетін қызметті алушы:__________________________________________
Заңды мекенжайы: __________________________________________________
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша ШЕШІМ
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша: Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы. Сынау объектілері қолма-қол ұсынылады.
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондарға қойылатын криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті 20 ____жылғы "___"________№ ________қорытындының ақпараттық парағы
Бұйым_________________________________________________________
сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,
____________________________________________________________________
базалық үлгінің түрленуінің нөмірі
____________________________________________________________________
әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі
Нәтиже ________________________________________________________
зерттеу бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі
Техникалық сипаттамалары:_________________________________________
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК