
Полиция қызметіндегі басым бағыттардың бірі – қызметкерлердің жоғары физикалық дайындығы, сондай-ақ жауынгерлік және саптық даярлығы.
Қызметтік міндеттерді орындауға, соның ішінде дене күшін, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға кәсіби даярлық деңгейін анықтау мақсатында Павлодар облысы Полиция департаментінде жеке құрамның бақылау тексерісі өтті.
Қызметкерлер ептілікке, күш пен жылдамдыққа арналған жаттығуларды орындап қана қоймай, қызметтің теориялық және құқықтық аспектілері бойынша да білімдерін сынады. Емтиханның маңызды кезеңдерінің бірі –атыс даярлығы. Бұл ретте полицейлер нысанаға дәл тигізіп қана қоймай, белгіленген уақыт нормативін деорындауы тиіс.
Тәртіп сақшылары сынақтарды сәтті тапсырып, кәсіби даярлық деңгейлерін растады.
– Лауазымы мен арнайы атағына қарамастан, әрбір полиция қызметкері жақсы физикалық қалыпта болуы, кәсіби білімді меңгеруі және табельдік қаруды қолдана білуі керек. Қажетті білім, білік пен дағдыларды меңгеру жәнеоларды тиісті деңгейде ұдайы жетілдіріп отыру – полиция қызметінің маңызды құрамдас бөлігі, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Ринат Сұлтанов.
-Павлодар облысының жолдарында жылдамдықты асыру мәселесі өзекті болып отыр. Ескертулер мен айыппұлдарға қарамастан, көптеген жүргізушілер белгіленген жылдамдық режимін бұзуды жалғастыруда. Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлайды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысында жол қозғалысын бақылауға және жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын тіркеуге арналған «ZEREK 2» интеллектуалды жүйелері жұмыс істейді. Сонымен қатар «Кибер-шериф» және «Ekin Patrol G2» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендері қолданылады.
2026 жылдың басынан бері жылдамдық режимін бұзудың шамамен 133 мың дерегі анықталған.
Мәселен, Lexus RX330 маркалы автокөліктің жүргізушісі бейнекамераларға 14 рет түскен. Құқық бұзушы жылдамдықты асырып жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
— Жылдамдықты асырудың негізгі себептерінің бірі — асығыстық. Жүргізушілер межелі жерге тезірек жету үшін әр минутты үнемдеуге тырысады. Алайда бірнеше минут үнемдеу үшін өз өміріңіз бен өзге адамдардың өміріне қауіп төндірудің қажеті жоқ, — деп еске салды полиция ведомствосы.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Павлодар қаласында экологиялық талаптардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
Профилактикалық іс-шаралар барысында арнайы белгіленбеген орындарға қалдықтарды заңсыз төгудің екі фактісінің жолы кесілді.
Бірінші дерек аумаққа жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Қалдықтарды жинауға немесе көмуге арналмаған жерге қоқыс төгу фактісі тіркелді.
Екінші дерек Жедел басқару орталығының камералары арқылы анықталды. Бейнежазбада жүк көлігінің жүргізушісі қалдықтарды белгіленбеген жерге түсіріп, экологиялық талаптарды бұзғаны анықталды.
– Жиналған материалдар қарау және құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау үшін Павлодар облысының Экология департаментіне жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мақсат Сарин.
Полиция ескертеді: қоқысты белгіленбеген орындарға тастау және жинау қоршаған ортаға зиян келтіреді, аумақтарды ластайды және елді мекендердің санитариялық жағдайына кері әсер етеді.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша профилактикалық рейдтер мен іс-шаралар жалғасуда.
Павлодар облысында полиция мал ұрлығының алдын алу және малды қараусыз жаюға жол бермеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесіп, мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және күтіп-бағу қағидаларын сақтау қажеттігін түсіндіруде.
– Жыл басынан бері малды күтіп-бағу қағидаларын бұзғаны үшін 2 035 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыста қараусыз жүрген жануарларға арналған 128 уақытша қора жұмыс істейді. Айыппұл тұрағына 27 800 бас мал қамалды. Оның ішінде 13 300 жылқы, 7 500 бас ірі қара және 7 000 бас ұсақ мал бар. Көбіне қараусыз жүретін жануарлар – жылқылар, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар күн сайын, соның ішінде автомобиль жолдарының бойында, малды қараусыз жаю деректерін анықтауда.
Профилактикалық іс-шаралар шаруа және фермер қожалықтарында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде (ЖШС), сондай-ақ мал жайылымдарында да жүргізілуде. Мал иелеріне GPS-трекерлерді пайдалану, малды міндетті түрде бірдейлендіру және жануарлардың иелері, бақташылар мен әкімдіктер арасында үшжақты шарттар жасасу қажеттігі ескертіледі.
Малды жаю қағидалары мен жануарларды бірдейлендіру талаптарын жүйелі түрде бұзатын тұлғаларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.
Полиция мал иелерін жануарларды күтіп-бағуға жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолын кесу және құқық бұзушыларды анықтау мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
– Кезекті рейд барысында қала орталығында полицейлер құжаттарды тексеру үшін тракторды тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мінез-құлқы тәртіп сақшыларының күдігін тудырды. Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның есірткілік масаң күйде болғаны расталды.
Жүргізушіге қатысты материалдар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ал көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
- Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және масаң күйде көлік құралын басқармауға шақырамыз, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының командирі Рүстем Байғабұлов.
Полиция ескертеді: масаң күйде көлік құралын басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар күн сайын түнгі рейдтік іс-шаралар өткізеді. Балалардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруі құқық бұзушылық болып саналады. Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлайды.
2026 жылдың басынан бері полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың 2593 заңды өкілін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерде ата-анасының еріп жүруінсіз болуына байланысты.
Мәселен, рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері сағат 23:50-де қалалық дәмханалардың бірінен заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген екі кәмелетке толмаған баланы анықтады. Сол күні кешке компьютерлік клубта түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген тағы екі жасөспірім анықталды. Аталған фактілер бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін тек ата-аналар ғана емес, ойын-сауық орындарының иелері де жауапкершілікке тартылады. Кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, Павлодар облысының ювеналды сотына жолданды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға үндеу жасайды: баланың кешкі және түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Балаларыңыздың қайда жүргенін бақылауда ұстаңыздар. Егер баланың қайда екенін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, уақыт жоғалтпай, дереу полицияға хабарласыңыздар.
--Павлодар облысында патрульдік полицияның тәулік бойы жұмыс істеуінің арқасында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері жедел анықталып, қауіпті жағдайлардың алдын алу жұмыстары күшейтілуде.
Мәселен, Астана-Павлодар автожолының 235-шақырымында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші жол таңбалары мен жол белгілерін елемей, қарсы қозғалыс жолағына шығып, басып озу маневрін жасаған.
Жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданып, ол көлік құралдарын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылды. Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлайды.
Жыл басынан бері қарсы қозғалыс жолағына шығудың 552 фактісі анықталды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қарсы қозғалыс жолағына шығу-жолдағы ең қауіпті маневрлердің бірі. Жүргізушілер көбінесе қарсы бағыттағы көлік ағынның жылдамдығын, қашықтықты немесе жол жағдайын байсалды түрде бағалай алмайды, бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларына өлім қаупін тудырады.
-Көліктерін тұраққа қою ережелерін бұзатын жүргізушілерді жиі кездестіруге болады. Алайда мұндай заңбұзушылықтарға көз жұма қарауға болмайды. Өйткені көлік иелері жол қозғалысының басқа қатысушыларына – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы, сондай-ақ шұғыл қызмет көліктері мен арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті хабарлайды.
Тағы бір өзекті мәселе – мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындарын тиісті рұқсаты жоқ көліктердің иеленуі.
Мәселен, полицияға «Омниканальность» арнасы арқылы заңбұзушылықтың фотосуреті қоса тіркелген хабарлама келіп түсті. Павлодар қаласының тұрғыны Peugeot маркалы автокөлік жүргізушісінің «Мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ» белгісінің астына көлігін қойғанын хабарлаған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көлік иесін анықтап, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.
Сонымен қатар жүргізушімен жол қозғалысы ережелерін сақтау және оның барлық қатысушыларына құрметпен қарау қажеттігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері 1389 азамат «Омниканальность Police 102» мобильді қосымшасын пайдаланған.
Полиция ведомствосы құқықбұзушылықтың куәсі болған азаматтарды бұл туралы «102» арнасына хабарлауға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.
-Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Павлодар облысының аумағында ағымдағы жылдың 16–17 қазан күндері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – жол-көлікоқиғаларының алдын алу және ашықтық қағидатын нығайту, деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
Тікелей эфир барысында полиция қызметкерлері интернет-аудиторияның әкімшілік тәжірибе, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді алу және полиция органдарының қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.
Түскен сұрақтар әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Атап айтқанда: «Әкімшілік жауапкершілік қай жастан басталады?», «Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адам полицияға жұмысқа орналаса ала ма?», «Автокөлікті әлдеқашан сатқан болсам да, оған салық әлі де келіп жатса, қайда жүгінуім керек?», «Көршілер күндіз қатты музыка тыңдаса, қандай шара қолдануға болады?» деген сауалдар қойылды.
Жазылушылардың әрбір өтінішіне толық әрі жан-жақты жауап берілді.
Instagram әлеуметтік желісінің көптеген қолданушысы өз ұсыныстарын білдіріп, полиция қызметкерлерінің жұмысына алғыс айтты.
Тәжірибе көрсеткендей, мұндай акция азаматтарға көмек көрсетудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.Өйткені халықпен кері байланыс орнату – полиция ведомствосының барлық бөлімшелері үшін маңызды міндет.
Полиция жұмысының басты басымдықтарының бірі – онлайн форматта келіп түскен хабарламаларды қосаалғанда, барлық өтініштер мен хабарламаларға жедел ден қою, деп атап өтті ведомство өкілдері.
Жаяу жүргіншілер – жол қозғалысының ең қорғалмаған қатысушыларының бірі.
– Жол қозғалысы ережелерін көбіне айналасына назар аудармай, гаджеттеріне үңіліп, капюшон киіп жүретін жасөспірімдер елемейді. Сондай-ақ егде жастағы тұрғындар да жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбай, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, ережелерді жиі бұзады.
Бүгінгі таңда облыс бойынша жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 8 780 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.
Мәселен, Павлодар қаласында Камзин көшесінде облыс орталығының тұрғыны жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен.
Өз кезегінде, жүргізушілер де жол қозғалысы ережелерін сақтауда тиісті тәртіп танытпай отыр. Ағымдағы жылдың басынан бері 2 743 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.
Ворушин және Академик Шөкин көшелерінің қиылысында «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеген.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жолда мұқият әрі сақ болуға және жол қозғалысы ережелері барлығына ортақ екенін ұмытпауға шақырады.