
- Ішкі істер органдарының қызметкерлерін аттестаттау олардың атқаратын лауазымына сәйкестігін, кәсіби дайындық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау мақсатында мерзімді түрде жүргізіледі, - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Жыл басынан бері Павлодар облысында 390 полиция қызметкері аттестаттаудан өтті. Оның ішінде 308 қызметкер атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді, 20 – ы кадр резервіне ұсынылды, 9 адам төмендетуге ұсынылды, жұмыстан шығарылғандар жоқ.
Айта кету керек, полицейлердің кәсіби сапасын бағалау прцедурасы сыртқы бақылаушыларды тарта отырып, барынша ашық және объективті түрде өтеді.
Әрбір үміткер кәсібилік, дене шынықтыру дайындығы, моральдық-психологиялық қасиеттер, көтермелеудің болуы және жазалаудың болмауы сияқты өлшемдер бойынша тексеруден өтеді.
Қызметкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырады, бұл ретте нормативтер тапсырылмаған жағдайда полицейді әңгімелесуге жібермейді, қайта тапсыруға жібереді. Егер қайта аттестаттау кезінде де қызметкер шекті балл жинамаса, онда арнайы комиссия лауазымын төмендетуді немесе жұмыстан босатуды ұсынады.