Аудио дәрістерді өткізгені үшін 100 АЕК айыпталды

Аудио  дәрістерді өткізгені үшін  100 АЕК айыпталды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер экстремистік мазмұндағы материалдарды сақтау фактісін анықтады. "Вконтакте" әлеуметтік желісінде ер адам исламның дәстүрлі емес ағымының идеологиясы бар аудиолекцияларды сақтаған.
Осы факті бойынша Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБК 453 бабы 4 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды-(экстремистік материалдарды сақтау), 100 АЕК (277800 теңге) айыппұл салынды.
Жыл басынан полиция қызметкерлерімен заңсыз миссионерлік қызметтің 3 фактісі (ҚР ӘҚБК 490 бабы 3 бөлігі), экстремистік материалдарды сақтаудың 1 фактісі (ҚР ӘҚБК 453 бабы 3 бөлігі), сондай-ақ тіркелмеген діни бірлестікті құрудың және басқарудың 1 фактісі (ҚР ӘҚБК 489 бабы 9 бөлігі) анықталды.