Павлодар полицейлері тәулігіне 200-ден астам бұзушылықты анықтады

Павлодар полицейлері тәулігіне 200-ден астам бұзушылықты анықтады

 Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны мен полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары құқық бұзушылық фактілерін анықтады,олар тәулік бойы көшелер мен аулаларды, сондай-ақ Республикалық маңызы бар жолдарды патрульдейді, осылайша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қоғамдық тәртіпті сақтайды.

         Жылдамдық режимін сақтамағаны үшін 34 жүргізуші жауапқа тартылды. "Кибер-шериф" автоматты жүйесі жылдамдықты арттырудың 73 фактісін анықтады. Жүріс бөлігінің белгіленбеген жерден өтуі үшін 10 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Қауіпсіздік белдіктері бекітілмеген 6 жүргізу фактісі тіркелді.  Өткен тәулікте мас күйінде рөлге отырған 5 жүргізуші ұсталды.

         Сонымен қатар, 14 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

         -Мәселен, Омбы-Майқапшағай автожолының 400 км-де полиция қызметкерлері Мерседес-Бенц маркалы маршруттық таксиді тоқтатты. Салонды тексеру кезінде 60 жастағы жүргізуші газ баллондары мен жанғыш қоспаны тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды. Көлікте қауіпті заттарды  тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК - нің 621-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Азамат Құркебаев.

         Құрметті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, жол ережесін бұзбаңыздар, – деп қорытындылады спикер.