
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Екібастұз қаласында қосымша заңдастыру пункті ашылды. Пункт Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 92/2 мекенжайы бойынша ХҚКО - да жұмыс істейді.
- 01 ақпаннан бастап пунктке 16 азамат онлайн форматта өтініш білдірді, оның ішінде Ресей Федерациясында есепте тұрған 2 автокөліктің иелері өз көліктерін заңдастырып, нөмірлерін алды. Жалпы, порталға Екібастұз өңірінің 247 тұрғыны жүгінді. Онлайн өтінімдер бойынша криминалистер заңдастыруға өтінім берген 10 автокөлікті қарады, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Полицейлер автокөліктерді заңдастыру бойынша деректерді тексеруге өтінімді электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болатынын еске салды, ол е-gov.kz немесе екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы.
Дербес компьютерге қол жеткізе алмайтын автокөлік иелері Екібастұз қаласының ХҚКО өзіне-өзі қызмет көрсету секторында өтінім бере алады. Өтінімді Қазақстан Республикасының ІІМ қарайтын болады. Нәтижесі арнайы базада тіркеледі және 1414 нөмірінен автомобиль иесінің телефонына SMS хабарлама жолданады. Хабарламада қабылданған шешім жазылады. Өзімен бірге жүргізушіде жеке куәлік, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат болуы керек. Өтініште автокөліктің тіркеу деректерін қатесіз толтыру қажет.