
Ата-анасы ажырасқан болса да, әр ата-ана балаларын кәмелетке толғанға дейін асырау міндетті. Бірақ соттың шешімдеріне қарамастан, кейбір жосықсыз азаматтар әлі де кәмелетке толмаған балаларына тиісті ақшаны төлемейді.
Павлодар облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы алимент төлемегені үшін 315 адам іздеуде болса, оның ішінде 248 адамның мекенжайы анықталды.
Сонымен, ер адам алимент төлеу қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарламаларға, жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарға, сондай-ақ сот шешімі орындалмаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ескертулерге қарамастан, 13 жасар ұлына алимент төлеуден жалтаруды жалғастырды. Ол үшін облыс тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ, ер адам бір рет қана 20 000 теңге төлеген. Жалпы алғанда, еңбекке қабілетті борышкердің кәмелетке толмаған балаға алимент төлеуден қасақана жалтаруы салдарынан берешек мөлшері шамамен 4,5 млн.теңгені құрады. Қазіргі уақытта борышкер әкеге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, осы бап бойынша қоғамдық жұмыстарға алты жүз сағатқа дейін тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.