Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізішілерді анықтауда

Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізішілерді анықтауда

Павлодар полицейлері үнемі рейдтер жүргізеді, оның барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері, атап айтқанда көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзу фактілері анықталуда. Себебі  жүргізушілер мұндай ережелерді елемейді.

- Полицияға Н.Назарбаев даңғылындағы аулалардың бірінде балалар алаңында "Renault" және "Тойота" автокөліктері тұрғаны туралы шақыру келіп түсті. Тәртіп сақшылары көлік құралының иелерін анықтады, сондай-ақ оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай – ақ, жүргізушілермен мұндай бұзушылықтардың алдын алу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді-деді Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Осыған ұқсас факті Ак. Бектұров көшесінде  болды."Hyundai" көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 2022 жылы көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін өңірдің 2129 тұрғыны жауапқа тартылған.

Тәртіп сақшылары 597-баптың нормаларын бұзу он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.