
Павлодар және Екібастұз қалаларында тыйым салынған заттар мен препараттарды заңсыз сату көздерін үгіттеудің алдын алуға бағытталған есірткіграффитти салу бойынша арнайы ұйымдастырылған рейдтер өтті.
- Полиция мен қоғамдық көмекшілер жұмыла және нәтижелі жұмыс істеуі тиіс- бір жағынан қабырғаларда, есіктерде және асфальттарда пайда болған анық немесе жұмбақталған түрдегі сілтемелерді әп-сәтте блоктау керек, екінші жағынан да солай есірткіграффитиді жылдам бояп тастауы керек. Жазаның бұлтартпастығы сәті өте маңызды, осымен айналысатындар жауапкершіліктен бұлтартудың мүмкін еместігін түсінуі керек. Бұл ұсақ орындаушыларға да –граффисттерге, кладмендерге және көбінесе шетелде отырып, пирамиданың басында тұрғандарға және қаржылық ағымдарды басқарушыларға да қатысты, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болат Нұрсейітов.
- Бүгінгі күні жеткіншек ұрпақ арасында тыйым салынған заттардың таралуы және тұтынылуы тақырыбы өзекті болып қалып отыр. Есірткі пайдаланудың өлімге әкеп соғуға дейін денсаулыққа өте зиянды екеніне, Қылмыстық кодекстің бабы санкциясымен есірткі қылмысын жасағаны үшін ұзақ уақыт бас бостандығынан айыру көзделгененіне қарамастан, жастар есірткінің заңсыз айналымына жиі тартылуда. Біздің тәжірибемізде көзге түспейтін орындар көбінесе қаскөйлерді тарту орталығына айналады- олар тура үйлердің, гараждардың, ғимараттардың қабырғаларына жазу жазады. Біз бір рет болсын ауласынан есірткіграффити тапқан үйлердің тұрғындарымен әңгіме жүргіземіз, оларға оның қауіптілігін түсіндіріп, тыйым салынған жарнаманы бояп өшіріп тастауға шақырамыз», — деп «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының басшысы Жандос Ақтаев әңгімелеп берді.
Дәстүрлі акцияға «Легион 14», «Vita» іздеу-құтқару жасағы», «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры және Павлодар облысы Балалар және жастар ұйымдары ассоциациясы волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар белсенділері қатысты.
Полиция департаменті Павлодар облысы тұрғындарын шет қалмауға, тыйым салынған заттарды үгіттеу жарнамаларын анықтаған кезде шұғыл құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.