
Ағымдағы жыл Балалар жылы деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев балаларға ерекше назар аудару керектігін, өйткені балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтті.
Сондықтан Павлодар облысында ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 30 қыркүйегіне дейін "Мектепке жол" дәстүрлі республикалық акциясы өткізіледі.
Биыл акция "Мектепке жол - Шексіз жақсылық жасау" ұранымен өтуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізілуде.
Сондықтан Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері көп балалы отбасыларға мектепке қажетті кеңсе тауарларымен көмек көрсетті.
Аталған іс-шара барысында Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жәнібек Қабышев балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға зор денсаулық, оқуда табыс және үлкен жетістіктер тіледі.