Полиция лейтенанты әйелдер арасындағы белбеу күресінен кубокта алтын жеңіп алды

Полиция лейтенанты әйелдер арасындағы белбеу күресінен кубокта алтын жеңіп алды

                2022 жылдың 9-11 маусым аралығында Түркістан облысында ерлер мен әйелдер арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Екібастұз қаласы Полиция олиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесіндегі турнирге қатысып, 1 орынға ие болды.

                Полиция лейтенанты Арайлым Оразбай ішкі істер органдарында 2021 жылғы желтоқсан айынан бастап қызмет атқарады. Арайлым дзюдо, самбо, белбеу спортының үш түрінен ҚР спорт шебері. Наурыз айында Арайлым КСРО спорт шебері, ТМД-ның еңбек сіңірген өнер және спорт қайраткері, Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, дзюдодан әлем чемпионы, "академик самбо" Керей Қойшыбекті еске алуға арналған турнирге қатысты. Чемпионат "Арена" мәдени-спорт кешенінде өтті, оған бүкіл Қазақстаннан 470 спортшы қатысты. Әйелдер 50-ден 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысып, екінші орын алды.

                Жарыстан кейін Арайлымды әріптестері қарсы алып, оның жеңісіне қуанып, жаңа жетістіктер тіледі.

                "Арайлымға спортта және қызметте сәттілік пен үздік нәтижелер тілейміз! Оған әрдайым жеңіс серік болсын", - деп атап өтті әріптестер.