
Павлодар қаласындағы "Баянтау" спорт кешенінде волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 4 команда қатысты: Облыс Соты командасы, Облыс Прокуратурасы командасы, Павлодар облысы Әкімдігі командасы және Павлодар облысы Полиция департаменті командасы.
Әр ойын қызықты, эмоциялар мен шиеленісті сәттерге толы болды. Қуатты доп берілімдер, мықты қорғаныс, өткізілмейтін блоктар және керемет шабуылдар. Шиеленіске толы шайқастарда Павлодар облысы Полиция департаменті жеңіске қол жеткізді. Екінші орынды Облыс Соты, үшінші орынды Павлодар облысы Әкімдігі командасы иеленді.
Жеңімпаздар және жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар табысталды.