
Екібастұз қаласының полицейлері 36 жастағы күдіктіні анықтап, оны ұстады.
- 2022 жылғы 13 мамырда сағат 10.20 шамасында, кіру есігінің кілтіне лайықты кілт таңдау арқылы белгісіз тұлға Екібастұз қаласы Беркімбаев көшесіндегі пәтерге кіріп, 100 мың теңге, 100 Еуро, 425 АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражаттарды және 22 атаудағы алтын бұйымдарды қолды етті. Жалпы шығын шамамен 2,5 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Екібастұз қаласының УҰИ - на қамалды,-деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 55 пәтер ұрлығы тіркелген.
Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: Басты қарапайым кеңес:үйден шыққанда терезелер мен есікті жапқаныңызға көз жеткізіңіз, балаларға бейтаныс адамдарға есік ашуға қатаң тыйым салыңыз, кілттері жоғалған кезде, оларды ауыстырыңыз.
Жазғы демалыс маусымында ұрлық саны артады, өйткені көпшілігі демалысқа немесе саяжайларға кетеді, ал үй бос қалады. Сондықтан тәртіп сақшылары ұзақ мерзімге кетіп, үйді қараусыз тастаған жағдайда, көршілерден үйіңізге қарауды сұраңыз.
Егер Сіз ұрлықтың куәсі болсаңыз немесе зиянкестердің қолынан зардап шеккен болсаңыз, дереу 102 телефонына хабарлауыңыз керек, өйткені бұл жағдайда қылмысты "ізін суытпай" ашу ықтималдығы жоғары.