Павлодарлық полицейлер онлайн режимінде 400-ден астам сұраққа жауап берді

Павлодарлық полицейлер онлайн режимінде 400-ден астам сұраққа жауап берді

Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушыларына алдын ала жазылусыз сұрақ қою немесе облыстық полицияның жетекші бөлімшелерінің бірінші басшыларынан кеңес алу мүмкіндігі іске асырылған кезде онлайн-трансляция өткізу тәжірибесі бұрыннан ұнайды.
Бүгін азаматтардың сұрақтарына әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметінің басшылары, сондай-ақ кадр саясаты мен жол-техникалық инспекция қызметкерлері жауап берді.
Эфир жаяу жүргіншілердің, көлік жүргізушілерінің, мотоциклдер, велосипедтер, электросамокаттар мен гироскутерлердің де жол ережелерін сақтау мәселелерінен басталды. Негізінен павлодарлықтарды облыс орталығының жол инфрақұрылымын оңтайландыру және автокөлікті тіркеу қызықтырды.
Сондай-ақ, біздің жазылушыларымыз шетелдіктердің Қазақстан аумағына келу мүмкіндігіне қызығушылық танытты.
Жалпы, "Жолда қабылдау" өткізу кезінде павлодарлық полицейлерге жаңа форматта 450-ден астам түрлі сұрақтар келіп түсті. Олардың барлығы тәртіп сақшыларының назарына алынды, көп жағдайда тиісті шешімдер қабылданады.