Ақсу қаласының екі тұрғыны иттің қабуынан зардап шекті: иесі жауапқа тартылды

Ақсу қаласының екі тұрғыны иттің қабуынан зардап шекті: иесі жауапқа тартылды

Ақсу қаласының екі тұрғынын бірден ит тістеп алды, олар бұл факті туралы полицияға хабарлады.
Анықталғандай, 2021 жылғы 19 сәуірде Астана көшесінде жеке үйдің ауласынан ит шығып, 65 жастағы зейнеткерді қолынан тістеген. Біраз уақыттан кейін бұл иттің шабуылынан басқа қала тұрғыны зардап шекті. Ақсу қаласының тұрғындары медициналық көмекке жүгінді.
- Иттің иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай - ақ, полицейлер алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу туралы үй иесімен профилактикалық әнгімелесуді өткізді, - деді Ақсу қалалық ПБ бірінші орынбасары Айдын Жүнісов.
Бүгінгі күні жергілікті өкілетті органдар белгілеген иттер мен мы сықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 1510 үй жануарларының иелері ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Адамдар, әсіресе балалар, иелерінің бақылауынсыз жүрген иттерден зардап шегуі мүмкін. Мұндай жағдайлар аз емес.
Полицейлер еске салады! Қағидаларға сәйкес, жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кетуін болдырмайтын жеке ауланың шекарасында ұстауы, ауланың кіреберісінде иттердің бар екендігі туралы ескерту тақтайшасы болуы тиіс.