
Павлодарлық пабликтердің бірінде Instagram әлеуметтік желісінде Ертіс өзеніне құрылыс қоқыстарын түсіру бейнесі бойынша тексеріс жүргізілді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері оқиға орнына шықты.
- Аталған факті бойынша құрылыс қоқыстарын шығару жұмыстарын жүргізген ұйым ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, материалдар Экология департаментіне жолданатын болады. Сондай - ақ, ұйым иесі жағалауды осы құрылыс қоқыстарынан тазартатын болады, - деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
Бүгінгі күні полицейлер абаттандыруды бұзудың 2886 фактісін анықтады. Айта кету керек, полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерді аралау және жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Павлодар қаласының әртүрлі жерлерінде қоқыс тастайтын орындарды анықтауда.