
Дәстүр бойынша, көктемгі-жазғы кезеңнің басталуымен көптеген азаматтар велосипедтерді көлік ретінде пайдаланады және сәйкесінше, осы кезеңде олардың ұрлануының саны артатыны баршамызға белгілі.
Мәселен, Екібастұз қаласының дүкендерінің бірінің жүк тиеушісі велосипедін ұрлап кеткендігі туралы полицияға хабарласқан. Ер адамның көлік құралын дүкеннің жанында қараусыз қалдырғаны анықталды. Дүкенге кіріп шыққан соң, "VELOPPRO" маркалы велосипеді жоғалып кеткенін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Екібастұз қаласының полицейлері аулалардың бірінде оны ұстады. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. "Велоәуесқойға" қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Сол себепті, мүлкіңіздің сақталуына ықпал ететін негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтағаныңыз жөн:
- велосипедті үйдің кіре берісінде де, дүкендер мен сауда орталықтарының жанындағы көшеде де қараусыз қалдырмаңыз;
- азаматтар көп жиналатын жерлерде велосипедті қараусыз қалдырмаңыз;
- велосипедті кездейсоқ және бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз;
- велосипедті жабу үшін арнайы металл тізбектерін немесе құлыпталатын арнайы тростар сатып алыңыз;
-велосипедті қоршауларға, таяныштарға немесе осыған ұқсас конструкцияларға бекіте отырып, олардың сенімділігі мен орнықтылығына көз жеткізіңіз;
- түнде немесе өзіңіз ұзақ уақыт болмаған кезде, велосипедті пәтерде немесе басқа да сенімді, жабылатын үй-жайда қалдырыңыз;
Егер Сіз қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, 102 немесе телефондары бойынша кезекші бөлімге қоңырау шалыңыз.
Құрметті азаматтар, Сіздің мүлкіңіздің қауіпсіздігі бірінші кезекте өз қолыңызда! Сақ болыңыз!