Балалардың қараусыз түнгі серуендеуі-қауіпті

Балалардың қараусыз түнгі серуендеуі-қауіпті

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда болуына тыйым салу туралы мәселе әрқашан өзекті болып табылады. Жасыратыны жоқ, түнде ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандардың өздеріменде, кәмелетке толмағандарға да қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстар көп жасалады.
Сонымен қатар, баласын түңгі уақытта жалғыз жіберген ата-ана оны тек қана қауіп-қатерге тігіп қана қоймай, заңды да бұзатынын түсінгені маңызды.
Сондықтан Павлодар облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
– Жыл басынан бері жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 700– ден астам кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Мысалы, кезекті рейд кезінде сағат 22.30-да Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері Марғұлан көшесінде орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде жасөспірімнің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактісін анықтады.
Осыған ұқсас факті сәл кейінірек, басқа қалалық лаундж барда анықталды. Мұнда 2004 жылы туған кәмелетке толмаған бала да заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз келген.
Көңіл көтеру орындарының басшыларына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлімі (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша әкімшілік материалдар құрды. Сондай-ақ жасөспірімдердің заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтардан балаларының уақыт өткізуін бақылауды сұрайды! Қиындықтар мен айыппұлдарды болдырмау үшін түнде балаларыңыздың үйде болуын қамтамасыз ету керек.