Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз

Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз

 

"Біз өмірді таңдаймыз, есірткіге жол жоқ!" бағдарламасы аясында, Павлодар облысы полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасымен, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің, шоумен Дмитрий Калининнің, блогер Жанат Әбікеевтің, сондай-ақ "Running Pavlodar" салауатты өмір салты қатысушылардың қолдауымен  балаларды салауатты өмір салтына және дене шынықтырумен айналысуға тарту мақсатында онлайн-жарыс өткізілді.

Жарысқа барлығы 2 команда – Павлодар қ. №15 ЖОМ және "Самал"мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының оқушылары қатысты.

Спорттық іс-шара Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық санатты төреші Бондарь Виктор Николаевичтің насихат сөзімен ашылды:

 - Спорт-бұл батылдықты, шыдамдылықты және шешім қабылдау қабілетін дамыту ғана емес. Бұл сізді жеңіске жетелейтін командалық рух!

Жарыстар қатысушылардан барынша ептілікті, жылдамдықты және барынша бірлікті талап ететін жарыстардың 7 түрінен тұрды.

Төрешілер жарысты қорытындылап жатқанда, жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері көрнекті қойылым көрсетті. Балаларға шартты қаскүнемдерді басып алумен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері көрсетілді.

Финал қызықты аяқталды, жарыс қорытындысы бойынша достық жеңді.

Жарыстың барлық қатысушылары медальдармен, алғыс хаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара соңында полиция майоры Ирина Тимиргалиева салауатты өмір салтының адамдардың физикалық және психикалық, жан дүниесінің жағдайына әсері туралы айтты.

Дені саудың – жаны сау, дені сау ұрпақ-ұлт болашағы.