
1 Сәуір бұрыңғы кезден Күлкі күні деп саналады. Бұл ресми мереке болмаса да, көптеген елдерде осы күні басқа адамдармен ойын-сауық құрып қалжыңдау салты орын алуда. Бірінші сәуірлік қалжыңдасулар әр түрлі.
Мәселен, 2021 жылғы 01 сәуір күні Назарбаев даңғылы бойымен «ВАЗ 2170» автомашинасының жүргізушісі ұсталынды, алайда көлігінің артқы жағында мемлекеттік тіркеу нөмірі болмады. Сонымен қоса, әзілді түсіне білетін жүргізуші болса керек, ол автомобильдің артқы жағында нөмірдің орнына «Жұмабектің бажасы» деген жазуды қолымен жазған. Жүргізушінің көтеріңкі көңіл-күйіне қарамастан, полицейлер ҚР ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ал автомашина автотұраққа қойылды.
- Адамдар, ережелерді нақты сақтау – жолдағы заң және міндетті шарт екенін ұмытып
кетеді. Жол ақталуға қажетсінбейді, ол кішігірім бұзушылықтарды да кешпейді, қырағылық сақтауды және ұдайы мұқият болуды міндеттейді. Тек жыл басынан, Павлодар қаласында полицейлермен әртүрлі бұзушылықтарыүшін автотұраққа 535 көлік құралдары қойылды,- деп атап өтті Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.
Полицияда жол қауіпсіздігі мен ЖКО алдын алуын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальоны ЖЖЕ 7712 бұзушылықты анықтады. Бұндағы рейтингте қауіпсіздік белбеуін пайдаланбағаны үшін – 1086, бағдаршамның рұқсат етілмейтін сигналына жүру, жаяу жүргіншілерге басымдылық бермегені-392, мас күйінде көлікті басқару-110 және мемлекеттік тіркеу нөмерсіз көлік құралын басқару -20 тұлға анықталғанын атап өтті.