
Көп пәтерлі үйде тұрғандықтан, түнде көршілердің кем дегенде бір рет болсын тыныштықты бұзуымен кездесесін. Кейбіреулер үшін мұндай жағдайлар сирек кездеседі, ал басқалары үшін түнгі шу тұрақты құбылысқа айналады.
Мысалы, 11 қаңтар күні сағат 02.30-да Павлодар қаласы полициясының кезекші бөліміне ер адам қоңырау шалып, Майра көшесі 47/ 1 үйдегі көршілерінің кішкентай балалары жүгіріп , айқайлап жатқанын айтты. Сондай – ақ, қоңырау шалушы мұндай шу күн сайын кешкі уақытта көрші пәтерден шығады деп шағымданды-балалар таңертеңгі сағат 4-5-ке дейін шу шығаруы мүмкін, ал тұрғындар тыныштық сақтау туралы олардың өтініштерін еш елемейді. Аталған жерге келген полиция қызметкерлері пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі ,"Тыныштықты бұзу"әкімшілік хаттамасын толтырды. Сондай-ақ, онда тұратын отбасының барлық мүшелерімен тыныштықты сақтау және көршілерге құрметпен қарау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.
Сол түні Торайғыров көшесіндегі көпқабатты үйден де осындай шақырту келіп түсті. Әйелдің айтуынша, кеш мезгілге қарамастан, көршілерінің пәтерінде көптеген қонақтар болып, олар да баспалдаққа шығып, қатты сөйлейді. Тәртіп бұзушылар келген тәртіп сақшыларымен жауапқа тартылды.
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров 2020 жылы Павлодар облысы аумағында тыныштықты бұзғаны үшін 3425-тен астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Сонымен қатар, полиция заңды сақтау қажеттігін, сондай-ақ құқықтық тәртіп мәселелеріне немқұрайлы қарамауды еске салады. Жасалған құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты дереу "102"телефоны бойынша хабарлау қажет.