
- Тереңкөл ауданының полициясына ауыл тұрғыны жүгініп, оның картасынан 150.000 теңге сомасында ақшалай қаражат жоғалып кеткенін хабарлады. Тексеру барысында банктердің бірінің қызметтерін өтініш беруші бес жылдан астам уақыт бойы пайдаланып келгені анықталды. Банк оған 500.000 теңге көлемінде несие картасын ұсынған,- деді Павлодар облысы Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.
Аталған картаны алғаннан кейін ауыл тұрғыны оны пайдалана бастаған. 50 күн ішінде ол картаны қайта толтыруы керек еді, өйткені аталған уақыт ішінде несие бойынша пайыздар есептелмеген. 23.08.2022 жылға картада 490.000 теңге болды.
23 қыркүйекте әйел қалған соманы тексеріп, таң қалды, өйткені 24.08.2022 жылы оның картасынан 150.000 теңге сомасында транзакция жүзеге асырылғанын көрді. Нәтижесінде оның несие картасы бойынша 180.000 теңге сомасына берешек қалыптасқан.
Әйел өз картасын бұғаттап, банкке қоңырау шалды, банк қызметкерлері оған ақшаны өзі алмаған жағдай дәлелденсе пайыздар есептелмейтіні туралы хабарлады.
Полицейлерді әйел несие картасынан ақша алмағанына және ешқайда аудармағанына, карточканы жоғалтпағанына және сауалнамалық деректерді ешкімге бермегеніне сендірді.
Сәл кейінірек "хабарламалар" қосымшасында оның картасынан белгілі бір шарт бойынша 150.000 теңге сомасында аударым жасалғаны анықталды, дегенмен ол ешқандай шарт жасамағанын айтты.
Түсініктеме алу үшін әйел банкке жүгінгенмен, банк оған көмектесе алмады және полицияға жүгінуге кеңес берді.
Істі қарау кезінде тергеуші Талғат Нұғманов болған оқиғаның мән-жайын нақтылап, менеджерлермен хат алмасудың скриншоттарын алып, банкке сауал жолдады.
Іс жүргізу барысында тергеуші ақша қаражатының ешқайда "жоғалып кетпегенін", бірақ жәбірленушіге тиесілі басқа шотта жатқанын анықтады. Шамасы, ақшалай қаражатты әйелдің өзі байқамай аударып жіберген.
Енді әйел өзінің немқұрайлылығы үшін банкке 13.000 теңге көлемінде пайыз төлеуге мәжбүр болады.
Әйел полицейге көмек көрсеткені және несие картасына ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарғаны үшін алғыс айтты.