
Павлодарлық құқықтық тәртіп сақшыларының атына өңір тұрғындарынан көптеген жылы сөздер келіп түсуде. Оң пікірлердің ішінде көп бөлігі Департаменттің тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған. Тергеушілердің жұмысын тек жәбірленушілер ғана бағаламайды.
Павлодар облысы ПД бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласының тұрғындары Ярышев Петр Владимирович пен Даирова Татьяна Владимировнадан алғыс хат келіп түсті.
Өз хатында олар Павлодар қ. ПБ Солтүстік ПБ тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары полиция майоры Рамиль Гафуровқа және осы бөлімнің тергеушісі аға полиция лейтенанты Асылбек Жолдахметовке өздерінің жақын туысы – анасын эксгумациялау және қайта жерлеу кезінде көрсеткен жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғыс білдіреді.
- Осындай офицерлердің арқасында адамдар полицияға құрметпен қарайды және өз азаматтарына деген сезімтал және мұқият қарым-қатынастарынан үміт үзбейді, - деп атап өтті алғыс хат авторлары.
Полицейлер өз кезегінде ризашылықты білдірушілердің жоғары сенімі мен жылы лебіздері үшін алғыс білдіреді.