ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Менің көлік құралымды қайтарғанына өте қуаныштымын

Екібастұз қаласының тұрғыны Әлиасқар Құрманғалиев велосипед ұрлығын ашқаны үшін тергеушіге алғыс айтты. Қылмыс 2022 жылдың 06 қыркүйегінде жасалды, велосипед М.Жүсіп көшесіндегі көп қабатты үйдің кіреберісінің жанында тұрған. Біраз уақыттан кейін үйден шыққан көлік құралының иесі оны сол жерден таппады. Жәбірленуші өз мүлкін өз бетінше табуға тырысқанымен, іздестіру оң нәтиже бермеген. Содан кейін ол полицияға арызданған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті анықталды. 53 жастағы ер адам ұрланған велосипедін үйінің жанындағы автотұрақта уақытша қалдырған. Әлиасқар Құрманғалиев Екібастұз қаласы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Роза Уакитоваға атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиевтың атына алғыс жазды. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығын тексеруде.

 

Дата публикации
23 сентября 2022
Дата обновления
23 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы