
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласының тұрғыны Татьяна Алексеевнадан алғыс хат келіп түсті.
Өз хатында әйел Департамент бастығына, сондай-ақ Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерқанат Сәліновке полицейлердің адал және өте абыроймен атқарған жұмысы мен тәрбиесі үшін алғыс білдіреді. Атап айтқанда, қала тұрғыны аға жедел уәкіл Дәулет Ғабдуллаға, жедел уәкіл Рахат Аделбаевқа және тергеуші Ардана Мусинаға ризашылығын білдіреді.
- Бұл қызметкерлер маған қызымды табуға көмектесті. Полицейлермен жұмыс істеу кезінде мен олардың өз ісін нақты білетін нағыз кәсіпқой екенін түсіндім,- деген хат авторы. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларына мықты денсаулық пен отбасыларына амандық тіледі.
Бірнеше күн бұрын Татьяна Алексеевнаның 19 жасар қызы пәтерінен кеткеннен, кешке үйге оралмаған, телефоны да өшірулі болған. Ата-анасын бұл жағдай қатты алаңдатқан, өйткені бұдан бұрын бойжеткеннің тарапынан мұндай қылық байқалмаған. Содан кейін олар оны өз бетінше іздей бастады. Алайда, бұл әрекеттері нәтиже бермеген соң, туыстары полицияға жүгінді.
Көп ұзамай қабылданған шаралардың арқасында полиция қызметкерлері 19 жастағы қала тұрғынының орналасқан жерін анықтады. Белгілі болғандай, ол ата-анасының бақылауынан тыс, тәуелсіз өмір сүргісі келген. Бірақ анасының көз жасын көрген қыз, болашақта мұндай әрекетін қайталамауға уәде берді.
Сонымен қатар, полицейлер қызбен де, оның ата-анасымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.