
Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы Ермек Әлжановтың атына Павлодар қаласының тұрғыны Любовь Олеговна Михайленкодан алғыс хат келіп түсті.
Өтініш беруші өз хатында Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің тергеушісі Әлібек Тоқтаровқа алғыс білдіреді, үйден әмиян мен скутер ұрлап кеткен ұрыны жедел анықтап, өзінің кәсібилігін көрсеткен.Тергеушінің жедел және үйлесімді жұмысының арқасында ұрлық ашылып, скутер мен әмиян иесіне қайтарылды.
Алғыс хат соңында Любовь Олеговна полиция қызметкеріне денсаулық және қызметіне табыс тіледі.