ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Германия тұрғынының полицияға алғысы

Германия тұрғыны, 71 жастағы Игорь Иванович Козолопов Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлеріне қысқа мерзімде жаңа үлгідегі паспорт алуға көмектескені үшін алғыс айтты.

1999 жылы Игорь Иванович Қазақстан Республикасының азаматы болып қала отырып, отбасымен Германияға кеткен екен. Бірақ белгілі бір отбасылық жағдайларға байланысты, ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды. Германияда ол Бонн қаласында консулдық есепте тұрды.

- Нұр-сұлтан қаласына ұшып келгенде шекара қызметінің қызметкерлері менен жарамсыздығына байланысты төлқұжатымды  алып қойды. Павлодар қаласына келісімен, Полиция департаментінің көші-қон қызметіне жүгінген.

    -Ол жердің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасын түсіндіріп, қалыптасқан жағдайда маған қалай әрекет ету керектігін ұсынды.  Содан кейін жедел және кідіріссіз маған қажетті құжаттарды рәсімдедік, - дейді Германия тұрғыны бейнехабарда.

Игорь Иванович көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақовқа, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Кристина Анцифероваға және инспектор Гажало Светланаға алғыс білдіреді.

- Мен полиция қызметкерлеріне уақтылы көрсеткен көмегі үшін ризамын. Менің уақытым шектеулі болғандықтан, полиция қызметкерлері қысқа мерзімде маған құжаттарды рәсімдеуге көмектесті, мені қызықтыратын барлық мәселелер бойынша кеңес берді. Олардың жоғары кәсіпқойлығының арқасында мен жаңа үлгідегі паспортты тез алдым, енді үйіме, отбасыма аман - есен ұшып шыға аламын, - деп атап өтті Игорь Иванович.

Сондай-ақ, ол полиция бөлімінің басшысы Василий Склярға шынайы алғысын білдіреді.

- Сізге білікті және адал қызметкерлер үшін, Азаматтарға сыпайы және ұқыпты қарым-қатынасы, адамгершілігі үшін үлкен рахмет,- деп жүрек жарды алғысын білдірді Игорь Иванович.

Дата публикации
07 сентября 2022
Дата обновления
07 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы