
Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың атына Ертіс ауданы полиция бөлімінің кәсіби іс-әрекеттері үшін алғыс хат келіп түсті.
Ертіс ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны Жанар Тілукенқызы өз алғысында Ертіс ауданының ПБ полицейлері Рустем Қоңырбаев пен Арман Жүсіпбаевқа адамдарға аса көңіл бөлгені және істі жедел тергегені үшін алғыс білдіреді. Тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттері әйелді қатты қуантты және облыстық Полиция департаментінің бастығына алғыс хатпен жүгінді.
- 2022 жылғы 16 тамызда белгісіз тұлға еркін қолжетімділік жолымен жалпы құны 80 000 теңге болатын 4 дана металл швеллерлерді ұрлады. Сондай-ақ жалпы құны 96 000 теңге тұратын 6 дана шойын жылыту батареяларын бөлшектеп ұрлап әкеткен . Жігіттердің кәсіпқойлығының арқасында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Полицейлер жұмысқа толығымен беріліп, Ертіс ауданының тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі үшін барлығын жасауға тырысады. Полиция қызметкерлеріне мықты денсаулық және қиын қызметте табыс тілеймін. Заң жағында тұрғандарға рахмет! - делінген хабарламада.
Біз осында туып-өстік, ал туған жерде еңбек ету-екі жақты жауапкершілік, елде адамдар саған сенеді, өз қауіпсіздігіне сенеді, қылмыскер ұсталады деп сенеді. Дәл осы адамдар алдындағы жауапкершілік біз үшін одан әрі мінсіз қызмет ету үшін қуатты бағдар болады – дейді полицейлер.
Айта кету керек, жыл басынан бері Ертіс ауданының полицейлері 33 қылмысты ашты.