
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының атына Ақсу қаласының тұрғыны Гүлнар Қожамсейітовадан Ақсу қаласы ПБ полиция полковнигі Молдабаев Дәулет Қабдуайысұлына және оның командасына жедел жұмысы, кәсіби шеберлігі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс сөздерімен хат келіп түсті.
- Менің ұлым несиеге сатып алынған және соңына дейін төленбеген ұялы телефонын жоғалтты. Полицияға жүгінген кезде менің проблемам қысқа мерзімде шешілді. Сізге адал және қажымас еңбегіңіз, антқа адалдығыңыз, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жоғары жауапкершілігіңіз үшін рахмет. Сіздің жұмысыңыз мерекелер мен демалыс күндерін білмейді, қызметте сәттілік тілегім келеді!- делінген хабарламада.
Айта кету керек, Полиция департаменті басшылығының атына алғыс хаттар күн сайын келіп түседі. Полицейлердің игі, кейде батырлық әрекеттері де халықтың назарынан тыс қалмайды. Павлодарлықтар ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жылы сөздермен хабарлама жібереді, өз парақшаларында жариялайды.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері Павлодар облысының тұрғындарына жоғары сенімділік дәрежесі үшін алғыс білдіреді және азаматтардың мүліктері сақталуы үшін, ал көшелер мен жолдарда тәртіп болуы, бейбіт азаматтардың тыныштығы бұзылмауы үшін барлығын жасауға тырысатын болады.