
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Шарбақты ауданының патрульдік полиция тобы қызметкерлерінің қоғам алдындағы адал және атқарған борышы үшін Шарбақты ауылының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті.
- Мен полиция қызметкерлерінің ұсақ мал табу бойынша жедел жүргізген жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Менің малдың жоғалып кетуі туралы ауызша өтінішім бойынша Азат Ботаев пен Александр Гринцов жедел әрекет етіп, ізін суытпай жоғалған малымды тауып қайтарды. Полиция қызметкерлеріне кәсіби өсу мен мықты денсаулық тілеймін, - деп жазады Шарбақты ауылының тұрғыны Айгүл Сыздықова.