
Күн сайын Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына азаматтардан жедел орындалған жұмыс үшін алғыс сөздер келіп түседі.
Кезекті алғыс Ертіс ауданы Голубовка ауылының тұрғыны Яровых Антон Андреевичтен келіп түсті. Өз алғысында ауыл тұрғыны Ертіс аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің инспекторларына жеке куәлік алуға көмектескені үшін алғыс білдіреді . Антон Андреевич ұзақ жылдар бойы қиын өмірлік жағдайына байланысты құжатсыз өмір сүрді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері ауыл тұрғынының өтінішіне үн қосты. Полиция қызметкерлері құжаттарды жинау, еліміздің азаматтығына қатыстылығын анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде аудан тұрғыны Қазақстан азаматы деп танылып, жеке куәлігін алды. Антон Андреевич Ертіс аудандық полиция бөлімінің полицейлеріне алғыс айтып, мықты денсаулық пен ауыр қызметте табыс тіледі.
Павлодар облысының полицейлері жарамсыз құжаттары бар және мәртебесі реттелмеген тұлғаларды анықтау бойынша халық арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтып кетті.