
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласының тұрғыны Светлана Петровна Ивановадан алғыс хат келіп түсті.
-Мені Солтүстік полиция бөлімімен жедел байланыстырған облыстық Департаменттің полиция қызметкерлері Қаскенов Азаматты және біздің мәселемізді жедел шешкен Ешмағамбетов Ардақ Серікпайұлын сіздің құқығыңызбен көтермелеуіңізді сұраймын.
Сіздің басшылығыңызбен полицияда осындай қызметкерлер жұмыс істейтініне сізге шын жүректен алғыс айтамын. Осы офицерлерді атап өтулеріңізді сұраймыз. Мұны менің азаматтық парызым деп санаймын,- деп жазған хатында.