ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Екібастұз қаласы пб қызметкерлеріне алғыс

Павлодар облысы Полиция қызметкерлерінің атына азаматтардан олардың, тәртіп сақшыларының, өздерінің қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны және қиын өмірлік жағдайларда дер кезінде қажетті көмек көрсеткені үшін жылы лебіздері келіп түседі. Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Екібастұз қаласының тұрғыны Марина Анатольевна Дереберден алғыс хат келіп түсті.

- Екібастұз қаласы ПБ қызметкерлеріне бүкіл отбасымыздың атынан алғыс айтқым келеді. Оқиға менің туған ағаммен болды (2021 жылғы 22 қарашада), мен ағамның өміріне қауіп төнгендіктен, қатты уайымдап, Екібастұз қаласының полициясына көмек сұрап жүгіндім. Бірнеше минуттан кейін маған полиция қызметкерлері келіп, ағамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдады. Әсет Қайыржановты атап өткім келеді және оның бөлімі, Екібастұз қаласы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттері ағамның өмірін сақтап қалды. Мен Әсет Бекболатұлына сол қорқынышты сәтте мен үшін көрсеткен қолдауы үшін өте ризамын. Содан кейін іс тергеушілерге берілді: Мәншүк Дисупованың басшылығымен Мұхтар Асанов пен Нұрболат Мейрашов. Бұл жерде мен Мәншүк Берікханқызының кәсібилігін, істі жүргізу бойынша бейтарап  көзқарас пен жауапкершілікті атап өткім келеді. Полиция қызметкерлеріне заңға адалдығы үшін алғыс айтамын. Менің ағамның денсаулығына ауыр зиян келтірген адамдар сот шешімімен (бірінші 7 жыл, екінші 6 жыл бас бостандығынан айырылды) лайықты жаза алды. Бұл үкімді әділ деп санаймын және бұл іс бойынша барлық материалдарды сауатты жинап, сотқа ұсынған Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері, тергеушілер Мұхтар Шахайханұлы мен Нұрболат Абзалұлының арқасында. Екібастұз полициясының қызметкерлеріне тағы да алғысымды білдіргім келеді. Сізге қызметтеріңізге сәттілік, шыдамдылық, күш пен мықты денсаулық тілеймін-делінген хабарламада.

Дата публикации
19 июля 2022
Дата обновления
19 июля 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы