
Германиядан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атына Павлодар облысының полиция қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.
- Сәлеметсіз бе, Мен Сізге Германиядан Мюнхен қаласынан жазып отырмын. Менің аты-жөнім Дьякович Наталья Владимировна, мен Павлодар қаласының тумасымын. Павлодар қаласы көші-қон полициясының қызметкері Хайруллина Альмираға зор алғысымды білдіргім келеді. Оның жауапкершілігінің, адалдығының, кәсіби жүргізілген жұмысының арқасында мен ең қысқа мерзімде өзімнің төлқұжатымды ала алдым, - деп жазады шет мемлекеттің тұрғыны.
Шетел азаматшасы полиция ведомствосының басшысына құзыретті және жұмысына адал полиция қызметкерлері, өз ісінің мамандары үшін шынайы алғысын білдіреді.
- Хайруллина Альмира сияқты қызметкерлер үшін үлкен рахмет, адам өз жұмысын шынымен жақсы біледі, - дейді Наталья Владимировна және адамгершілік пен немқұрайлылық танытпағаны үшін үлкен алғысын білдіреді.
Айта кетейік, Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы полиция капитаны Альмира Хайруллина ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп келеді. Көші-қон қызметінің қызметкері бірінші кезекте қарым-қатынаста ашық болуы тиіс деп санайды, өйткені барлық жұмыс азаматтармен тығыз байланысты.